Айдана Меденова күтпеген жазба жариялады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
611

КешYOU тобының экс-солисі, әнші Айдана Меденова әлеуметтік желідегі соңғы жазбасынан кейін ажырасу туралы қауесеттің ортасында қалды, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, әнші Instagram парақшасында: «Кейде бірге болғаннан гөрі, бір-біріңді жіберген дұрыс» деген мағынадағы жазба жариялаған. Осыдан кейін желі қолданушылары Айдана Меденова мен жұбайы, продюсер Әлішер Нұржановтың арақатынасына қатысты түрлі болжам айта бастады.

Сонымен қатар, оқырмандар ерлі-зайыптылардың Instagram-да бір-біріне жазылмай кеткенін және әншінің парақшасынан күйеуімен түскен бірлескен суреттердің жоғалғанын байқаған.

Алайда қазіргі уақытта Айдана Меденова да, Әлішер Нұржанов та бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Сондықтан олардың ажырасқаны туралы ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Шоу-бизнес

Әлеуметтік желіде актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайдың құдалығынан видеолар тарап, ак...

ӘДЕБИЕТ

Ештеңе өнген жоқ Салман Рушди (алғашқы есім-сойы Ахмед Салман Рушди Ahmed Salman Rushdi...