Қырғызстан полициясы Биволдың бұрынғы әйеліне іздеу жариялады

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
296

Қырғызстанда әйгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оған ұлтаралық араздықты қоздыру бойынша айып тағылып, іздеу жарияланды. Бұл туралы Бішкек қаласының ішкі істер басқармасы хабарлады.

Тергеу нұсқасына сәйкес, бұл жағдай оның қырғыз халқына қарсы жария түрде айтқан пікірлерімен байланысты. Екатерина Бивол бұл сөздерді 21 қазанда әлеуметтік желілерде өзі таратқан. Іс Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 330-бабы — «Нәсілдік, этникалық, ұлттық немесе өңіраралық араздықты (алауыздықты) қоздыру» бойынша қозғалды, деп хабарлайды 24.kg.

Екатерина Биволға сырттай айып тағылып, сот оны қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын бекітті. Ол қазір іздеуде. Бұл бап бойынша ең жоғарғы жаза — 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Хабарламада айтылғандай, жарияланған видеоларда Екатерина түрлі ұлт өкілдеріне, соның ішінде қырғыздарға қатысты қорлайтын сөздер айтқан. Бұл оқиға Қырғызстанда қоғамда үлкен резонанс тудырды.