Оңтүстік Американы бағындырған Димаш: әншіні Перуде ерекше қарсы алды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
20

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турнесі аясында Перуге барды. Өнер иесін Лима қаласының әуежайында жанкүйерлері қарсы алды. Көпшіліктің әншіні қаумалап алған сәті әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Димаштың Перу астанасындағы жеке концерті 1 желтоқсанға жоспарланған. Қазақстандық өнер иесі Costa 21 концерт алаңында өнер көрсетеді. Teleticket билет операторының мәліметінше, бұл әншінің Перудегі алғашқы концерті болмақ.

Перу сапарына дейін Димаш Мексиканың Мерида, Монтеррей, Гвадалахара және Мехико қалаларында бес концерт өткізді.

Сондай-ақ 22 қарашада Колумбия астанасы Боготада, 24 қарашада Чили астанасы Сантьягода өнер көрсетті. Әншінің Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті.

Әншінің ресми ақпараттық порталы DimashNews жариялаған тур кестесіне сәйкес, Лимадағы концерттен кейін Димаш 12 желтоқсанда Индонезияда өнер көрсетеді.

Ал Перудегі концерт жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да басталады деп жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін Димаштың Мехикодағы концертінде күтпеген жағдай болған еді. Әнші «Bésame mucho» әнін орындап жатқанда жанкүйер қыз оны сүйіп алған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Шоу-бизнес

Танымал актер Азамат Сатыбалдының жұбайы, актриса әрі режиссер Назгүл Қарабалина отбасындағы қызық...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласы мен Ақмола облысында жаңбырдан кейін ауа температурасының төмендеуіне байланысты жолда...