12 адамды алдаған “атыраулық хакерге” сот үкімі шықты

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
110

Атырауда бірнеше рет алаяқтық жасаған 32 жастағы Нұрлан Жанбырбаев 3 жыл 6 айға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тергеу мәліметінше, ер адам азаматтарға инвестициялық жобаларға қаржы салуды, IT курстарында білім алуды ұсынған. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі бұғатталған парақшаларды қалпына келтіруге көмектесетінін айтып, түрлі техника сатумен айналысқан.

Алайда оған ақша аударған азаматтар уәде етілген тауарлар мен қызметтерді ала алмаған.

Жанбырбаевтың әрекетінен 12 адам зардап шеккен. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын шамамен 13 миллион теңгені құрады.

Сотта соңғы сөзін айтқан айыпталушы өзін түрмеге жібермеуді сұрап, жәбірленушілерге қалған қарызын өтеуге уәде берді.

Сот оны алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде тағайындады.

Әлем

Сербия астанасы Белградта Ресей азаматы танысының пәтерінен өлі табылды. Марқұмның беті мен қолынан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Александр Сафьяниковке...