Әйел 200 баланы асырап, оларға жантүршігерлік әрекеттер жасаған

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
888

АҚШ-та 70 жастағы америкалық Бренда Рут Дойч 200-ден астам бала асырап алып, кейін ата-аналық міндетіне немқұрайлы қарады деп сотқа тартылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Линкольн округінің тұрғыны ата-аналық міндеттеріне немқұрайлы қарады, балаға қатыгездік көрсетті және олардың өміріне қауіп төндірді деп айыпталып жатыр.

Әйел асырап алған баласын экзотикалық маймылға айырбастамақ болған. Екі куәгер баланы маймылға аырбастағысы келген әйелді байқап, полицияға хабарлады.

Линкольн округінің прокуроры Майк Вудтың айтуынша, Дойч 15-20 жылда 200-ден астам баланы асырап алған.

2022 жылдың қыркүйегі мен 2022 жылдың қаңтары аралығында ол 17 жасқа толмаған жасөспірімнің бетінен ескекпен ұрып, соның кесірінен бетінен қан кеткен. 

Күдікті түрмеден тек кепілдікпен шыға алады. Ол 250 000 доллар (130 миллион теңге) болып белгіленді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

АЙМАҚТАР

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 27 сәуірде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысындағы Оймаша ауылында (бұрынғы Приозерный) орналасқан көлдің ластану қаупі төніп т...