Құрбан айтта қазақстандықтар қанша күн демалады

Фото: muftyat.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2431

2025 жылдың маусым айында Қазақстанда мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі — Құрбан айт атап өтіледі. Мерекенің күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен (ҚМДБ) бірлесіп белгіленеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

2025 жылы Құрбан айттың бірінші күні жұма — 6 маусымға сәйкес келеді. Осыған байланысты қазақстандықтарды қатарынан үш күндік демалыс күтіп тұр.

Құрбан айттағы демалыс күндері:

  • Бес күндік жұмыс аптасы  — 6, 7 және 8 маусым демалыс күндері болады;
  •  Алты күндік жұмыс аптасы үшін — 6 және 8 маусым демалыс, ал 7 маусым жұмыс күні. 

Құрбан айт — ислам дініндегі ең маңызды діни мейрамдардың бірі. Ол Зүл-хижжа айының 10-шы күні басталып, үш күнге созылады. Бұл мейрам Меккедегі қажылықтың аяқталуына сәйкес келеді және мұсылмандар үшін үлкен рухани мәнге ие. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семей қаласында полиция қызметкерлері түнгі уақытта автомобиль көпірінің тікелей жол жүру бөлігінде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада автобус жүргізушісі белгіленген аялдамаға тоқтамай өтіп кеткеннен кейін жолаушы мен жүргізу...