Астанада танымал блогер клубта қыздарға жасаған сұмдық ісінен кейін қамалды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1131

Астанада 33 жастағы блогер ұсталды. Ол түнгі клубта арсыз сұрақтар қойып, тұрпайы бейнероликтер түсірген, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ер адам мекеменің арт-директоры болып жұмыс істеген және қосымша блог жүргізген. Қаралым үшін ол келуші қыздарға тиісіп, интим сипаттағы әдепсіз сұрақтар қойып, оларды ашық түрде қорлаған. Видеода балағат сөздер айтылып, оның әрекеті айналасындағыларды әдейі қорлау ретінде бағаланды.

Бұл жазбалар әлеуметтік желілерде тарап, ол жұрттың сынына ұшырады. Қолданушылар авторды арсыздығы мен адамдарға құрметсіздігі үшін жазалауды талап етті.

Ер адам ұсталып, сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Ол қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны, бейпіл сөз айтқаны және қоғамға ашық түрде құрметсіздік көрсеткені үшін жазаланды.

"Өтінемін, маған айыппұл төлеуге мүмкіндік беріңізші", – деп сотта блогер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бас прокуратураның активтерді қайтару қызметі қазақстандықтарға тиесілі делінген Дубайдағы 97 пәтер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласының Құтқару қызметі түнде «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты аумағында Ресейдің...