«Әйел құмар»: Алматыда шу шығарған ер адамның тағы бір қылмысы әшкере болды

Коллаж: almaty.official

ЖАҢАЛЫҚТАР
2083

Бүгін, 7 наурыз күні ер адам Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алды. Көп ұзамай ол қолға түсті. Алматылықтар ер адамды бірден таныды, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушы алдымен терминал қызметкерінен құжат сұраған, артынша оның шашынан тартып бас салған. Алайда оны полиция емес, досын шығарып салуға келген ер адам ұстады. Кепілге алынған қыздың орнына өзін ұсынған Мұса Әбдірайым шабуылдаушының қаруын тартып алды. Әуежайдағы шулы оқиғаның видеосы желіде тарады. Көп ұзамай желі қолданушылары ер адамның былтыр күзде автобуста әйелге қол көтерген видеосын жариялады. Ер адамның киімі мен жол сөмкесі сәйкес келеді.

 

 

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...