«Путинды қолдайтын» дептутат мандатынан айырылады

Жаңалықтар
970


Азамат Әбілдаев


«Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық Кеңесі Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаевтың мәселесін қарады. Бұл жайында ҚР парламенті мәжілісінің дептутаты Қазыбек Иса парақшасында жариялады. Күні кеше ғана Әбілдаев Азаттыққа берген сұхбатында Ресейдің Украинаға ашқан соғысын «арнайы операция» деп атап, Украинаны «нацистер басқарып отыр» деген болатын.

Бүгін 2023 жылы 19 қаңтарда «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы өтті. 

Партия төрағасы Азат Перуашевтың төрағалығымен өткен жиында Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаевтың журналистке берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілді. 

Ұлттық кеңес мүшелері А.Әбілдаевтың сөздері «Ақ жол» партиясының позициясына қарама-қайшы екеніне, партиялық және депутаттық этиканы да бұзғанына баса назар аударды. 

Атап өту керек, кеше партия президиумы хабарлағандай, «Ақ жол» партиясы қашан да Республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды.

Ұлттық кеңес:

1. А.Әбілдаевты «Ақ жол» демократиялық партиясынан шығару туралы шешім қабылдады. 

2. «Ақ жол» демократиялық партиясынан шығарылғанына байланысты А. Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы «Ақ жол» партиясы Орталық сайлау комиссиясына хат жолдады.



Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...