Жетісу облысында қыз бұрынғы жігітімен жанжалдасып, оны бопсалауға көшкен, деп хабарлайды MadeniPort...
“Әйелімді құтқара алмадым”: Шымкентте 8 баланың анасы тірідей жанып кетті
Фото: әлеуметтік желіден
Шымкентте жеке үйден өрт шығып, сегіз баланың анасы көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қайғылы жағдай қала іргесіндегі Қайнарбұлақ шағын ауданында болған. Перзенттерінің көз алдында отқа оранған ананы аман алып қалу мүмкін болмады. Ауруханада ажал құшқан келіншек күйеуімен бірге үйде көрпе-төсек тігіп нәпақа тапқан екен.
Үй ауласындағы бейнекамераға жазылған бұл кадрларды бей-жай қарау мүмкін емес. Жалын ішінен жүгіріп шыққан келіншек денесінің 80%-ын күйік шалғанын да түсінбеген секілді. Ал далада қалған күйеуі оны құтқарамын деп жалаң аяқ от кешіп, әйеліне жүгіре бергенін айтады.
"Әйелімді құтқара алмадым. Әйелім ана жақта жүрген ғой. Біз мақтамен айналысамыз. Арпалысып, әйелімді құтқарамын деп отты баса беріппін. Құтқара алмадық. 80% күйіп қалыпты әйелім", – дейді марқұмның күйеуі Айдос Боранбаев.
Сегіз баласы бар Боранбаевтар отбасы көрпе-төсек тігіп, нәпақа тауып отырған. Үйдің ауласынан цех ашып, жұмыс істеген екен. Куәгерлердің айтуынша, алдымен мақта өртеніп, санаулы сағаттар ішінде баспананың күллі көкке ұшқан.
"Естідік та шауып келдік. Келсек өртеніп түк қалмаған мына жерде. 6-7 тонна мақта түк жоқ. Балалары сыртта жүріп жанталасқан ғой. Бірақ аман. Құдайға шүкір. Үлкен баласының мына жерлері күйіп әбіржіп қалды", – дейді оқиға куәгері Ержан Ырысбаев.