Халықаралық турнир: Теміртас өзбек боксшыны алаңнан тайдырды

ЖАҢАЛЫҚТАР
3837

Әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде алғашқы жекпе-жегін өткізді.

48 келіде өнер көрсететін қазақ боксшы бірден ширек финалда жұдырықтасты. Жартылай финалға жолдама үшін жекпе-жекте Теміртас өзбекстандық Дониер Бекмуродовты жеңіп, кемі қола жүлдеге ілігіп отыр. 

Айта кетейік, Иштван Бочкай құрметіне арналған турнирге Қазақстан жалпы 13 салмақта боксшы апарды: 

Теміртас Жүсіпов (48 келі), 

Дамир Әбдіқадыр (51), 

Дәулет Молдашев (54), 

Серік Теміржанов (57), 

Саматәлі Төлтаев (60), 

Санатәлі Төлтаев (63,5), 

Дулат Бекбауов (67), 

Ермахан Жәкпеков (71), 

Аятулла Такежанов (75), 

Нұрбек Оралбай (80), 

Шаймұрат Құсайынов (86), 

Айбек Оралбай (92), 

Дамир Тойбай (92 келіден аса).

СПОРТ

Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада полиция есірткі сақтап, таратты деген күдікпен 21 және 37 жастағы екі шетел азаматын ұстады...