Астананың ірі сауда орталықтарын робот-иттер патрульдеп жүр (ВИДЕО)

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1293

Астанада қоғамдық орындарда роботтандырылған патрульдік кешен қолданылып жатыр. Робот-ит көлік инфрақұрылымы нысандарында және ірі сауда орталықтарында пайдаланылуда, деп хабарлады  MadeniPortal.kz ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.

Нақты уақыт режиміндегі бейнебақылау полицияның жедел басқару орталығымен біріктірілген. Бұл технология жағдайды бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жедел әрекет ету үшін қолданылады.

Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу мемлекет басшысының тапсырмалары аясында және ішкі істер органдарының кезең-кезеңімен цифрлық трансформациясы шеңберінде жүзеге асырылуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал қазақстандық режиссер әрі актер Нұртас Адамбайдың жұбайы Ғалия Адамбай әлеуметтік желіде отб...

PESTEL

Қырғызстандағы «Ала-Арча» шатқалында қаза тапқан 14 жастағы Амир Кунакуновтың әкесі ұлын...