“Несиесін жапты, әкесін емдетті”: Кореяға жұмысқа кеткен қазақ жігіті 7 жылдан кейін анасымен қауышты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2649

7 жыл бойы Оңтүстік Кореяда еңбек етіп, отбасын көрмеген жігіттің анасымен қауышқан сәті жұртты елжіретті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«7 жылдан кейін анамды көрдім. Бұл сәтті ешбір сөзбен сипаттау мүмкін емес. Жүрегімді толқытқан қуаныш, көзге жас алғызан сағыныш – бәрі араласып кетті», - деді Өмірзақ Қазақбай.

Видеоны көрген адамдар әртүрлі пікір қалдырған. Бірі жеті жыл бойы жырақта жүрген жігіттің шыдамдылығына таң қалса, енді бірі Отаннан алыста жүріп, ақша табу оңай емес екенін жазған. 

«Сол Кореяда жүріп бүкіл несиені жауып, үй салып, әкесіне көлік алып берді. Әкесі қатты ауырды, оны емдетті, осының бәрі осы жігіттің арқасында, Қазақстанда 7 жыл ішінде оның біреуі де болмас», - деп жазды жігіттің туысқаны.

Шоу-бизнес

Жанболат пен Жазираға келін болып жатқан сіңлісіне тілек айтқан Кенжебектің әйелі тілек айтып, сынға...

ӘДЕБИЕТ

Әлемді тіксіндірген 10 жыл немесе – «Құдай өлді...» Ғұмырияты күрделі Фридрих Ни...