Айгүл Қосанова «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
3486

Отандық танымал дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

" Қосанова Айгүл Шоданқызы – әнші, «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ қауымдастырылған профессоры, Алматы қаласы «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді", - делінген Ақорда баспасөзі таратқан хабарламада.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын домбырада халық әндерін орындау класы бойынша бітірген.

Қазіргі кезде Президент оркестрінің солисі болып жұмыс істейді, сондай-ақ, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық - цирктік колледжде дәріс береді. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясы аспирантурасының негізгі бөлімінде оқиды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...