Маскадағы жігіт қатерлі ісікпен ауыратын қызға қаражат беріп, үй сыйлады

Фото: sn.kz коллажы

ЖАҢАЛЫҚТАР
668

Қайырымдылық жасап, өзін жария етпей жүрген «Маскадағы жігіт» тағы да қайырымды ісімен елдің алғысына бөленді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

20 жастағы Гүлжан қатерлі ісіктің 3-ші сатысымен күресіп келеді. Оның анасы – І топтағы мүгедек, көзі көрмейді, ал нағашысы да арбаға таңылған. Әкесі ол дүниеге келмей тұрып қайтыс болған.

«Қолым жансызданып қалды. Үндістанға барып ем алғым келеді. Әкем жоқ. Анам бірінші топтағы мүгедек. Оның інісі де арбаға таңылған, естімейді. Бізде үй болмады. 5 жасымнан бастап жұмыс істеп келемін. Күнде дұға жасап, әрекет етіп жүрмін. Бірінші отадан соң маған осындай диагноз қойылды. Дәрігерлер химия терапиясын ұсынды, бірақ оны анама айтпадым. Өйткені, менсіз ол кісілерге қарайтын жан қалмайды деп қорықтым», – дейді Гүлжан көзіне жас алып.

Оның жан тебірентер әңгімесі желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. «Маскадағы жігіт» Гүлжанға қаржылай көмек көрсетіп қана қоймай, қалаған кәсібін ашуға демеу болатынын айтты. Сонымен қатар, Гүлжан мен анасына жаңа баспана сыйлап, үлкен қуаныш сыйлады.