Мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы Мұса Шормановтың туғанына биыл 200 жыл. Осыған орай тарихи...
Аймағамбетов «Назарбаев университетінің» құйтырқы әрекеттерін әшкереледі
Коллаж: Madeniportal.kz
Қазір бұл университеттегі декандардың ішінен тек біреуі ғана – Қазақстан азаматы. Отандық мамандар әлі күнге дейін негізінен әкімшілік блоктарда жұмыс істейді. Яғни, олардың көбі көмекші персонал ретінде ғана қызмет атқарады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Madeniportal.kz Atamekenbusiness сайтына сілтеме жасап.
«Университет алғаш құрылғанда шетелдік профессорлар мен менеджерлердің көмегімен дамыды. Алғашқы кезеңде бұл орынды шешім болды. Бірақ 15 жылдан астам уақыт өтті. Логикалық тұрғыдан алғанда, қазақстандық ғалымдар мен басқарушылардың академиялық ортаға біртіндеп интеграциялануын күтуіміз керек еді. Әрине, шетелдік профессорлар мен басшылардың үлесі сақталуы керек, бірақ қазақстандық мамандар үшін де мүмкіндіктер жасалуы тиіс. Бұл жерде де баланс қажет», - деді ол.
Қазіргі «Назарбаев университетінің» басшылығы рейтингтерге басымдық беріп отыр. Университет тек рейтинг үшін жұмыс істей бастағанда, басты назар басқа бағытқа ауысады, деді Аймағамбетов.
Мәжілісмен аталмыш университет жабық клуб моделінен бас тартып, қазақстандық ғалымдар мен басқарушыларды белсенді түрде тартуы керек деген ұсыныс тастады.