Прокуратура Талғардағы оқиғадан соң полицейлерге қатысты іс қозғады

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1510

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданында ер адамды өлтіру және кішкентай қызды ұрлау ісіне байланысты полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ El.kz-ке сілтеме жасап. 

6 қыркүйекте Алматы облысының прокуратурасы ҚР ҚК-нің 370-бабының 4-бөлігі (Лауазымды тұлғаның әрекетсіздігі) бойынша қылмыстық іс тіркеді. Іс Талғар аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің күдіктіні дер кезінде ұстау бойынша шара қолданбауымен байланысты. Ол кейіннен ер адамды өлтіріп, кәмелетке толмаған қызды ұрлап кеткен, – делінген ресми хабарламада.

Прокуратура жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Сондай-ақ ресми дерек көздерге ғана сенуге шақырады. Басқа мәліметтер ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...