Әкесінің зиратынан оралған жігіт қаза тапты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
175

24 жастағы Жанасыл Сәрсенбай үйінің алдында пышақ жарақатын алып, көз жұмды. Қайғылы оқиғаға жол үстінде болған түсініспеушілік себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Туыстарының айтуынша, қайғылы жағдай болған күні Жанасыл інісімен бірге марқұм әкесінің зиратына барып, қабір басын тазалап қайтқан. Үйіне оралып келе жатқанда жолда бірнеше жігіт отырған көлікке кезіккен.

Жолды бөгеп тұрған көлік оған өтуге мүмкіндік бермегендіктен, Жанасыл оны айналып өтіп, бағытын жалғастырған. Алайда туыстарының сөзінше, әлгі көліктегі жігіттер оның соңынан еріп, үйіне дейін қуып барған.

Жанасыл үйіне жеткен сәтте көліктен түскен адамдардың бірі оған пышақ сұққан. Ауыр жарақат алған 24 жастағы жігіттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Марқұмның жақындары оқиғаға қатысы бар деп күдікке ілінген азаматтардың шамамен 19-20 жаста екенін айтады.

Қайғылы жағдайдан кейін Жанасылдың отбасы қара жамылды. Оның артында бір жасқа да толмаған кішкентай қызы қалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандылық нәрестеде туа біткен жүрек ақауы болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Бұған дейін с...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған табиғи апаттан кейін хабар-ошарсыз кеткен екі...