Маңғыстауда қаза тапқан әскерилер саны артты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
157

Вице-премьер Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Нақтыланған мәлімет бойынша, оқу-жаттығу тапсырмасын орындау кезінде ауа райының күрт нашарлап, теңіздегі желдің күшеюінен 17 әскери қызметшіні су алып кеткен. Оның 12-сі қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Қазір тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бозымбаев жоғалғандарды үздіксіз іздеуді және қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза болды.

Алдын ала мәлімет бойынша теңізге 19 әскери қызметшіні алып кеткен. Қазіргі уақытта оның 9-ы, өкінішке орай қайтыс болды. Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнына құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Әскери-теңіз күштерінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылды.

Оның себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен құрылған комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады. 

Комиссия құрамына Қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің басшылығы, Бас әскери прокурор, сондай-ақ Шекара қызметінің өкілдері кірді.

Премьер-министр Олжас Бектенов комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына шұғыл барып, әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеруді тапсырды.

Сонымен қатар комиссия қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті көмек көрсету шараларын қабылдауы керек. Көп ұзамай, марқұмдардың аты-жөні жарияланды. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы марқұмдардың отбасына көңіл айтты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде зардап шеккен әскери қызметшілердің бірі Маңғыстау облыстық к...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысындағы оқиғаға байланысты 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп...