Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен бірге некесін қиды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2056

Отандық танымал блогер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі Сәкен Қағаровпен мешітте некесін қиды, деп хабарлайды madeniportal.kz порталы nur.kz-ке сілтеме жасап.

Блогер Instagram желісіндегі парақшасында ғашығымен мешітте некесін қиған сәттен видеоны жария еткен.

“Әрекет пен дұға түбі береке. 24.01.2025. Ерлі-зайыпты", - деп жазды Айжұлдыз видео астына.

Желі қолданушылары блогерге құттықтаулары мен ақ тілектерін жаудырды.

“Құтты болсын", "Мәңгілік бақытты неке", "Некелерің мәңгілік болсын", "Қайырлы неке болсын", Бақытты болыңдар", "Жандарым, бір-бірі үшін жаралғандай", - деп жазған пікір қалдырушылар.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында ер адам туған әкесін соққыға жықты деген күдікке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада LRT жанынан патрон тауып алып, оны түсірілімге пайдаланбақшы болған 22 жастағы жігіттің б...