Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
814

Талғар аудандық соты қылмыстық топ жетекшісі ретінде белгілі Хасан Қасымбаевқа үкім шығарды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

«Хуторлықтардың басшысы» деп танылған ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қасымбаевқа үш бап бойынша айып тағылған: адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу және бопсалау. Онымен бірге тағы бес адам сот алдында жауап берді. Істе екі жәбірленуші бар — ММА спортшысы Арман Алимов пен кәсіпкер Әріпжан Тәжиев.

Үкім жариялау кезінде айыпталушының өзі жанжал шығарды: ол айыпталушыларға арналған кабинаның әйнегін сындырып, журналистердің залдан шығуын талап етті. Сот отырысы кезінде Қасымбаев БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсы екенін мәлімдеді.

Оқиға орнында болған тілшілердің айтуынша, сотталушы мен оның туыстарының наразылығынан кейін сот хатшылары журналистерді залдан шығарып жіберген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...