Атырау облысында бүтін бір отбасыны өлтірген күдіктілер ұсталды

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
217

Танымал журналист Жанат Жақсыбайқызы шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ол Атырау облысындағы қылмысқа қатысы бар күдіктілер ұсталғанын айтты.

"ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстады

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке алынған. Онымен бірге бұған дейін хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қараша айында Атырау облысында күдікті ұзаққа созылған тұрмыстық жанжал мен пайдакүнемдік ниет негізінде екі адамды қасақана өлтіруді алдын ала жоспарлап, жүзеге асырған. Қылмысты жасағаннан кейін ізін жасыру мақсатында мәйіттерді шаруашылық құрылысының астына көміп, қан іздерін жойған, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкі мен қаражатын иемденген. Қазіргі уақытта оларды Қазақстан Республикасына депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр", - делінген жазбада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көші-қон заңнамасын сақтау аясында болу тәртібін бұзған 40 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда дәрігерлер баланың асқазанынан тиынды алып шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Маңғыстауд...