Актер Шәріп Серік қамалды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2228

Актер Шәріп Серік бес тәулікке қамалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Мұны актердің бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутеева хабарлады.

Әлия Бутееваның сөзінше, 4 сәуірде әкімшілік сот өтіп Шәріп Серік өз кінәсін мойындады. Осылайша ол бес тәулікке қамауға алынды.

Бүгін Актер Шәріп Серік әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты мәлімдеме жасады. Ол сүйіктісін ұрғанын мойындап, бейнежазба жолдады.

Еске салайық, танымал актер жүріп жүрген қызы Әлия Ботееваны соққыға жықты. Оқиғадан кейін Шәріп Серік алғаш рет желіде кешірім бейнежазбасын жариялады.

«Мен ешбір жағдайда өзімді ақтағым келмейді. Мен қылмыс жасадым және заң алдында жауап беруге дайынмын. Менің ойымша, сіздердің көпшілігіңіз жанжал кезінде ашудың қандай болатынын білесіздер. Бірақ менің қателігімді қайталамаңыздар және қол көтермеңіздер. Мен Әлияны ұрдым, ол үшін мен одан, оның отбасынан және менің теріс қылығымнан зардап шеккендердің бәрінен кешірім сұраймын», - деді актер.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...