Келесі жылдан бастап елімізде рөлі оң жақта орналасқан көлік иелеріне электронды қызметтер арқылы жо...
Данияр Қаппасовқа тағылған айыптар мерзімінен бұрын алынды
Фото: «Дала Қырандары»
2004 жылы туған Даниярдың өмір жолы жастарға үлгі боларлықтай бағытта өзгерді. Қарапайым отбасында өсіп, спортпен айналысып, Азаматтық қорғау колледжінде білім алған жас жігіттің өмірінде 18 жасында ауыр сынақ басталды. Танысымен болған жанжал төбелеске ұласып, кейін жағдай күрделеніп, қылмыстық іске себеп болды. Сот шешімімен оның бас бостандығы шектеліп, пробациялық бақылауға алынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz ақпарат порталы.
Көпшілік Данияр Каппасовты Макинск қаласындағы есірткі сататын үйді анықтағаннан кейін таныды. Ол
Щучинск қаласының тумасы. Қарапайым отбасыдан шыққан. Үйдің кенжесі.
Ал оның балалық шағы қарапайым мектепте, аулада, достарының ортасында өткен.
Данияр 18 жаста жастықтың қызуымен жанжалдасып қалады.
«Мен ол кезде 18-де едім. Жаспын. Біреуге бірдеңе дәледегім келді. Кімнің басынан өтпейді мұндай жағдай? Бір танысыммен жанжалдастым. Жанжал қыз үшін болды. Бірақ төбелестен кейін біз жарасқан едік. Алайда 1 айдан кейін ол өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Кейін полицейлер мен онымен төбелескенімді білді. Олар солай іс қозғады», - дейді ол.
Дәл осы қиын кезеңде Данияр «Дала Қырандары» қозғалысының жұмысына қызығушылық танытып, ұйымға қосылуға шешім қабылдады. Алғашқы сынақтан өте алмаса да, мойымады. Күнделікті жаттығулар мен еңбектің арқасында ол кейін сынақтан сәтті өтіп, «қыран» мәртебесін иеленді.
Белсенділігі мен жауапкершілігінің арқасында жарты жылдан соң қозғалыстың аймақтық жетекшісі атанды. Бүгінде Данияр қозғалыстың төрт бағыты бойынша белсенді жұмыс істеп, жасақтарымен бірге рейдтер ұйымдастырады, аулаларды ретке келтіріп, тұрақты бақылау жүргізеді.
Қазіргі таңда ол жергілікті жастарға үлгі болып отыр. Мектеп оқушылары да оның командасына қосылуға ниет білдіруде. Данияр өзінің өмір жолымен қателіктерді түзеп, қоғамға пайдалы болуға болатынын іс жүзінде дәлелдеп жүр.