Қамалған қаңғыбас иттер енді босатылмайды, олар өлтіріледі

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
1259

Мәжіліс депутаттары «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оған сәйкес, жануарларды баспанада ұстау мерзімі 15 күннен 5 күнге дейін қысқарады. Осы мерзім аяқталғаннан кейін қаңғыбас иттер мен мысықтар эвтаназияға ұшырайды. 

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин:

Бүгінгі пленарлық отырыс кезінде иттер кем дегенде 15 адамға шабуыл жасайды. Қазақстан бойынша әр сағат сайын орта есеппен 5 адам иттердің шабуылына ұшырайды, - деді.  

Депутат қаңғыбас иттердің елдегі жүйелі мәселе екенін айтып, адамдардың қауіпсіздігі ең басты басымдық болуы керек екенін мәлімдеді.