Алаяқтық жасаған: танымал әнші Гауһар Әлімбекова 6 жылға сотталды

Жаңалықтар
4751

Қазақстандық танымал әнші істі болды. Әнші Гауһар Әлімбековаға қатысты сот отырысы өтіп, жаза тағайындалды деп жазады Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Інісі мен сіңлісі әншіні ақталады деп сенген еді. Алайда, Алматы қаласы Алмалы аудандық сот шешіміне сәйкес, әнші алаяқтық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Жәбірленуші Бақыт Назарова мен Гаухар Әлімбекова 15 жылдай жақын құрбы болған. Әнші құрбысынан 40 мың доллар ақша алып, Алматының “Ақкент” тұрғын үй кешенінен пәтер алып беруге уәде берген. Алайда сол күйі ақшасын да қайтармай, үй де алып бермеген.

Жәбірленуші қаражатты тауып беру үшін көлігін сатып, несие алғанын айтады. Ол моральдық өтемақы ретінде 51 мың доллар мен 10 млн теңге талап етті. Сот оны ішінара ғана қабылдады. Айыпталушы жәбірленушіге 40 мың долларды қайтаруға міндеттелді.

“Мен осы уақытқа дейін Гауһарды күттім. Пенде ғой, барлық адам қателеседі дедім, тәубесіне келер дедім. Бірақ қазірдің өзінде бұл ісіне өкінбейтініне көзім жетті”, – дейді бұрынғы құрбысы, жәбірленуші Бақыт Назарова.

Гаухар Әлімбековамен қатар “Алаяқтық” бабымен Фируза Ордабаева есімді келіншек сотталды. Прокурор Дәурен Дүнбаев сотта Гауһар Әлімбекованы 8 жылға, Фируза Ордабаеваны 3 жыл 4 айға соттауды сұрады.

Әнші сот отырысында көз жасына ерік берді. Ол сот шешіміне келіспейтінін айтты.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...