Төменгі сынып оқушыларын сабаған оқушы басқа мектепке ауыстырылған

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1886

Әлеуметтік желілерде мектеп оқушысының өзі қатарлас оқушыны сабаған видеосы тарап, резонанс тудырған іске құқық қорғау және білім беру органдары түсіндірме берді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

 

Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, оқиға Іле ауданына қарасты мектептердің бірінде болған. Қазір бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. 

Білім басқармасы ұсынған алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 2024 жылдың қыркүйек айында тіркелген. Тәртіп бұзған оқушы 2025 жылдың наурызында басқа мектепке ауыстырылған. Арада уақыт өтсе де, мән-жайын жан-жақты анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, тергеу басталған.

Тексеру нәтижелері бойынша тек оқиғаға қатысқан тараптардың ғана емес, сондай-ақ тәрбие жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастырмаған мектеп әкімшілігінің де жауапкершілігі қаралады, – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Бұдан бөлек, зардап шеккен оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетілгені, сондай-ақ барлық оқушының ата-анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілгені мәлім етілді.

Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға байланысты кәмелетке толмаған балаға күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Зорлық көрсеткен жасөспірім мен оқиғаны бейнежазбаға түсірген оқушының заңды өкілдері – балаларды тәрбиелеу міндетін тиісінше атқармағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі таңда екі жасөспірім де профилактикалық есепке қойылған. Сонымен қатар, аталған факті бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға қосымша ықпал ету шараларын қабылдау туралы ұсыныс жолданған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының ла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...