Қазақстандық Дияр Нұрғожай UFC турнирінде нокаутпен жеңіске жетті

UFC

ЖАҢАЛЫҚТАР
326

29 жастағы қазақстандық UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы файтері Дияр Нұрғожай 9 тамызға қараған түні Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 284 турнирінде сенімді жеңіске жетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бразилиялық Бруно Лопеске қарсы жекпе-жек турнирдің алдын ала кардында өтті. Нұрғожай бірінші раундтың аяқталуына бір секунд қалғанда техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл — Нұрғожайдың кәсіби мансабындағы 12-жеңісі және қатарынан алған екінші жеңісі. Оның UFC-дегі рекорды — 2:2.

Бұл Нұрғожайдың UFC-пен келісімшарты аясындағы соңғы жекпе-жегі болды. Енді ұйым оған жаңа келісімшарт ұсына ма, жоқ па — соны күту керек. Бұған дейін Дияр UFC-де төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді. Ал бұл — оның әлемдегі ең беделді жекпе-жек ұйымындағы алғашқы мерзімінен бұрын жеңісі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда жүріп келе жатқан көліктен секірген қызды басқа автокөлік қағып кеткен. Полиция оқиғаның...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр. Дегенмен елдегі эпидемиологиялық а...