Алматыда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам көз жұмды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
772

Қайғылы оқиға Алматы – Винсовхоз – Чапай автожолының 15-шақырымында болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, 24 жастағы Chevrolet Nexia көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Соққыдан кейін жеңіл көлік инерция салдарынан өзімен бір бағытта келе жатқан Chery Tiggo автокөлігін де соққан.

«Жол апаты салдарынан Chevrolet Nexia жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оның екі жолаушысы, сондай-ақ Chery Tiggo көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.

Шоу-бизнес

Пойыз ішіндегі келеңсіз жағдай көпшіліктің назарына ілікті. Бұл жаңалықты buzyqmedia парақшасы көпші...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысында емшілік сеансы кезінде емделушісін буындырып өлтірген медбикеге қатысты үкім қай...