Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1069

Қазгидромет алдағы демалыс күндері елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын сипаттайды, деп жазады MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста – жаңбыр жауса, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде – жаңбыр мен қар жауады. Оларға боран, көктайғақ және тұман ілесуі мүмкін.

Тұрақты ашық ауа райы тек Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының тұрғындарын қуантады.

Қатты жаңбыр 23-24 наурызда Маңғыстау облысында, 24 наурызда Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында болуы ықтимал.

Ауа температурасы батыс өңірлерде: түнде -3...-8°C, күндіз +7...+12°C, оңтүстік-батыста: түнде 0...+8°C, күндіз +5...+13°C, солтүстік-батыста түнде -3...-10°C, күндіз +2...+12°C, солтүстікте түнде 0...-8°C, күндіз 0...-5°C, орталықта түнде -2...-10°C, күндіз 0...-5°C, оңтүстікте: түнде +3...+15°C, күндіз +8...+18°C, шығыста түнде -3...-12°C, күндіз +3...-2°C болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сочидегі Бонди-Бич жағажайында болған атыс салдарынан 12 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды. Оқиғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...