«Жас маман» бағдарламасы бойынша 200 мыңнан астам маман дайындалады. Бұл туралы халықпен...
АЛҒАШ РЕТ АСТАНАДА ЮРМАЛА ФЕСТИВАЛІНІҢ АНАЛОГЫ ӨТЕДІ
КВН ойынының жаңа форматы – Астанада алғаш рет елорданың туған күніне орай «Еуразия кубогы» фестивалі өтеді. АМиК-тің ауқымды жобаларының бірі әзіл-сықақ мерекесіне айналмақ. Фестивальге КВН жоғары лигасына қатысушы 7 команда және биыл Қазақстанның атынан көңілділер және тапқырлар клубының Премьер-лигасына қатысып отырған «Сборная Коргалжино» командасы қатысады. Кеш жүргізушісі кіші Александр Масляков.
Әзіл кешінде КВН-ның үздік командалары бәсекеге түседі: Жоғары лиганың чемпионы – «РУДН», Жоғары лиганың 2014 жылғы жеңімпаздары – түмендік «Союз», Жоғары лиганың финалистері – «Борцы», «Раисы», «Плюшки» және «Русская дорога» командалары. Шара барысында Жоғары лиганың өткен жылғы жеңімпазы «Спарта Номад» командасы Астананың намысын қорғайды.
«Еуразия кубогында» әрбір команда сахнаға екі мәрте шығады – «Сәлемдесу» және «Триатлон» конкурстарында, олар команда көшбасшыларының әзіл-қалжыңдарынан, музыкалық номерлерден және жаттығудан тұрады.
Фестиваль жеңімпаздарын КВН ойындарының тұрақты төрешісі Юлий Гусман жетекшілік ететін білікті қазылар алқасы анықтайды. КВН-ның төрешілер командасына сондай-ақ, ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, КВН-да қазылар алқасында жиі болатын Алексей Ягудин, «Казахи» КВН командасының капитаны – Нұрлан Қоянбаев және басқа да белгілі мәдениет қайраткерлері енді.
Езуіңізге күлкі үйіретін көңілді кеш 4 шілдеде «Барыс Арена» мұзайдын сарайында өтеді. Билеттер www.topticket.kz сайтында сатылады.
Айта кетейік, «Еуразия кубогы» КВН ойынының трансляциясы қыркүйек айының соңында КВН-ның ресми арнасында және «Хабар» телеарнасының эфирінде жүргізіледі.