Қазақстандық шенеуніктерге әлеуметтік желідегі жазбаларына қатысты ескерту жасалды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
611

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

- Парақшаға «жеке парақша» немесе «жеке пікірім» деп жазу заң мен Әдеп кодексін сақтаудан босатпайды.

- Қорлайтын, былапыт, арандатушы және мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін контент жариялауға болмайды.

- 24 сағаттан кейін өшетін стористі де кез келген адам скриншот немесе экран жазбасы арқылы сақтап қалуы мүмкін.

- Қымбат көлік, бағалы заттар мен сән-салтанатты өмір салтын көрсету шенеуніктің кірісіне қатысты сұрақ туғызуы ықтимал.

- Лауазымды коммерциялық қызметке, жарнамаға немесе жеке пайдаға пайдалануға жол берілмейді.

- Онлайн пікірталаста балағаттау, қорқыту, кемсіту және арандатудан аулақ болған жөн.

Мамандар жазба жарияламас бұрын оның заңға және Әдеп кодексіне қайшы келмейтініне, қызметтік жағдайдың жеке пайдаға пайдаланылмайтынына және мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтірмейтініне көз жеткізуді ұсынады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлер мен өзге де медицина мамандары денсаулығына зиян келген жағ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы тойлардың бірінде әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жуманова қымбат смартфон ұтып алып, көпш...