Руслан Берденовке оқ атқан директор 9 жылға сотталды

Видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
1355

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қару қолданып, жарақат салған «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы директоры Ернар Жиембайға істеген әрекеті үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Мadeniportal.kz.

Бүгін оған сот үкімі оқылды.

Судья Әбінұр Карабаев күдіктіні ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») және 24-бабының 3-бөлігі («Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу») бойынша кінәлі деп таныды.

Іс сотқа 22 шілдеде түскен болатын. Ал негізгі тыңдаулар тамыздың 6-сы күні басталды.

Соңғы сөзінде Ернар Жиембай өзін де жәбірленуші ретінде сезінетінін айтты. Оның сөзінше, Берденов қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып, жұбайына тіл тигізген, ар-намысына қол сұққан және мемлекеттік қызметшіге лайықсыз әрекеттер жасаған.

Ал Руслан Берденов сотта Жиембайды кешірмейтінін және сөздерінің растығын, қажет болса, арнайы құрылғылар арқылы растауға дайын екенін мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...