Қазақстандықтар Gov.kz сайтында Sergek VMS кешенді бейнебақылау жүйесінің арқасында Атырау облысы ме...
«Әлішер тағы жоқ»: Алтынай Жорабаева қызының құдалығын көрсетті (ВИДЕО)
коллаж: MadeniPortal.kz
152
Қазақстандық әнші Алтынай Жорабаева қызының құдалығына орай Қордайға барғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Өнер иесі жаңа құдаларының үйінде құдалықтың қуанышты сәтті бірге атап өтуге келгенін айтты.
«Ал су жаңа құдаларымыздың құдалығына Қордайға келіп қалдық. Жаңа құдаларымызбен танысып, қуанышымызды бөлісуге асықпыз. Алла құдалығымызды берекелі, екі жаққа да сыйластыққа толы етсін!» – деп жазды әнші.
Ал желі қолданушылары Алтынай Жорабаеваның қазіргі жұбайының көрінбей кеткенін айтты.
"Әлішер қайда", "Неге кілең әйелдер, ер адамдар жоқ па. Күйеуі қайда", - деп жазғандар табылды.