«Аманат» концерт-спектаклінің премьерасы

ЖАҢАЛЫҚТАР
3556

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында және Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің 85 жылдығына орай, ағымдағы жылдың 29 наурыз күні Құрманғазы оркестрі және Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының бірлескен жобасы «Аманат» концерт-спектаклінің премьерасы өтеді.

Бұрын - соңды болмаған бұл шара - Құрманғазы оркестрінің басқа концерттерінен ерекше, себебі атаулы жобаға  театр актерлері де өз үлестерін қоспақшы. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған тың жоба көрермендерге тек ғана оркестрдің орындауындағы танымал шығармаларды тыңдатып ғана қоймай, музыка арқылы қазақ халқының тағдырына үңілуге мүмкіндік береді.

Ерекше бағдарламалы концерт-спектакльдің дирижері – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Құрманғазы оркестрінің бас дирижері - Абылай Тлепберген. Сценарий авторы – ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Жастар сыйлығының лауреаты, ақын, жазушы - Ақзия Көлбаева. Қоюшы режиссер – актер Данияр Базарқұлов.

Ардақ Зейнелова,

Құрманғазы оркестрінің баспасөз қызметі


PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...