Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Судья және сот қызметкерлері күнімен құттықтады, деп хаба...
Дәрігерлердің салғырттығынан қазақстандық әйелге мәжбүрлі үш операция жасалды
ашық дереккөзден алынған
Пациент әйел аурухана, хирург және емдеуші дәрігерден моральдық және материалдық шығынды өндіру үшін сотқа жүгінді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, науқас әйел ауруханаға, хирургқа және емдеуші дәрігерге қарсы моральдық және материалдық өтемақы талап етіп, сотқа арыз берген.
2025 жылдың қаңтар айында Шу қаласының тұрғыны қалалық ауруханада өт жолын алдырып, ота жасатқан. Оның айтуынша, операциядан кейін жағдайы күрт нашарлаған. Дегенмен қажетті медициналық шаралар дер кезінде жасалмаған. Пациентке тек ауырсынуды басатын дәрі енгізіліп, тексеру қорытындысы бойынша патология жоқ деген шешім шығарылған.
Тек туыстарының табанды талабынан кейін ғана оны Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасына көшіру мүмкін болған. Онда УДЗ нәтижесінде іш қуысына 1500 мл-ден астам өт жиналғаны анықталып, шұғыл түрде ота жасалған. Кейін 2025 жылдың мамыр айында Алматыда үшінші, күрделі операция жасалды.
Істің талапкері барлық теріс салдар дәрігерлердің салғырттығы, дер кезінде көрсетілмеген көмек және қате диагноздан туындады деп есептейді.
Арызда көрсетілгендей, хирург кінәсін ішінара мойындап, өз еркімен 1 млн теңге төлеген, палата шығынын, дәрі-дәрмек құнын өтеген және үшінші операцияға дайындықты жартылай қаржыландырған. Алайда, әйелдің айтуынша, бұл жалпы зиянның тек аз бөлігін ғана жабады.
Сот процесі барысында тараптар дауды медиация арқылы шешуге келіскен. Жасалған медиативтік келісімге сәйкес:
хирург талапкерге 400 мың теңге төлеуге міндеттелді, ал аурухана 2 млн теңге өтемақы төлеуге келісті.
Сот медиативтік келісімді бекітті. Іс бойынша өндіріс тоқтатылды.