«Аллаға шүкір еттім»: Төреғалидің қарындасы қуанышты жаңалығымен бөлісті

Дина Төреәлінің инстаграм парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
2910

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі желіде жақсы жаңалығын бөлісті. Блогер ұлының 9 айға толғанын, сондай-ақ, алғашқы сөзді айтқанын хабарлап, сүйінші сұрады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дина Төреәлі Instagram-дағы парақшасында ұлымен түскен суреттерін жариялап, оған аналық ақ тілегін жолдаған. Блогер баласы 9 айға толып, алғаш рет "ана" деп айтқанын жеткізді.

"Кеше балам алғаш рет "Мама" деп сөйледі. Осындай ерекше сезімді сезіндірген Аллаға сансыз шүкір еттім. Ана атанғаныма 9 ай өте шығыпты. Батырым дені сау, үлкен азамат болып өссін", - деп жазды желі жұлдызы.

Дина Төреәлінің әпкесі Фариза Төреәлі мен жездесі Дархан Нортаев Ерманбидің 9 айға толуына орай, мерекелік кешкі ас ұйымдастырған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбияның батысында болған қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 254 адамға жетті. Табиғи ап...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шерхан Аймахан, 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша сот алдында жауап беріп жаты...