Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке 50 миллиард теңгеден астам активті қайтарады, - деп хабарлайды madeni...
Руслан Өтепбай алаяқтықпен ұсталған Ілияс Сариевпен бірге қызмет еткен блогерлерден жауап алды
Фото: видеодан скриншот
Руслан Өтепбай алаяқтықпен ұсталған Ілияс Сариевпен бірге қызмет еткен блогерлерден жауап алды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Журналист Руслан Өтепбай осыған дейін өмір бойы құлдықта болған апалы-сіңлілерге үй беремін деп оны басқа адамдарға сатып жіберген және басқа да алаяқтықпен әшкере болған Ілияс Сариевке қатысты мәселені деп көтерген болатын. Енді, журналист Ілияспен бірге жүріп қызмет еткен екі блогерден олардың қатысы туралы сұрап көрді.
Ілияс Сәриевтің достарының бірі Бақдәулет 2 отбасыға қорлың атынан үй берген, бірақ кейін оның сатылып кеткені белгілі болған болса, екіншісі блогер Әмірбек есімді жігіт алаяқпен бірге курс сатқан. Бірақ, ол курсты өткізбеген. Адамдар берген ақшаларын әлі де ала алмай жүр.
Ілияспен бірге жүрген екі жігіт те халық секілді өздерінің де алданғанын, ұсыныс Ілиястан түскенін айтып ақталды.
“Барлығы алданған сияқты, мен өз басым Ілиясқа әулие адамдай сеніп, сол алданған тараптвң арасында болып отырмын”, - деді Әмірбек.
Бақдәулет “Мен өзімнің жасаған сборыма жауап берем” деген сөзіне жауап бере алмай, істеген ісін мойнымен көтере алмайтын айтты. Сондай-ақ, “Ілияс басқаларды қалай алдаса, мені де солай алдап кетті” деді.