БҚО-да аурудың бәрін емдеп, құлан-таза айықтыратын «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сат...
Алматы облысында полицей қызметтік борышын атқару кезінде көз жұмды
Фото: police_almobl
Алматы облысында облыстық патрульдік полиция батальонының қызметтік инспекторы, полиция аға лейтенанты Шалхар Байжомартов қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 22 желтоқсан күні полицейді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өткенін мәлімдеді. Шалхар Байжомартов ішкі істер министрінің бұйрығымен қайтыс болғаннан кейін «Қоғамдық тәртіпті қорғауға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда болған. Toyota Camry 35 көлігінің жүргізушісі көктайғақ салдарынан рульге ие бола алмай, патрульдік полиция қызметкерін қаққан. Жүргізуші инерциямен полиция көлігіне де соқтығысқан.
«Ішкі істер министрлігі мен Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы марқұмның жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі адалдығы мен үлесін әріптестері мен тұрғындардың жадында мәңгілік сақталатынын атап өтті. Туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз», делінген хабарламада.