Көкшетау қаласының бұрынғы әкімі Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды. Бұ...
Алматы облысында қоқыс полигонындағы өрт толықтай сөндірілді
Фото: ТЖМ
1424
Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарының, Абай және Жетісу облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары, 28237, 52859 және 68303 әскери бөлімдері, сонымен қатар,ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары жұмылдырылған.
Айта кетелік, 15 қыркүйекте таңертең Алатау қаласы Әли ауылының маңында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында өрт шыққан