Алматы облысында қорғаныс бөгеті бұзылып, 30 үй су астында қалды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1650

Алматы облысында 30 үйдің ауласын су басып, төтенше жағдайға байланысты жедел штаб құрылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бүгін сағат 08:25 шамасында Ұзынағаш ауылында сүзгі алқаптарының қорғаныс бөгеті бұзылған. Нәтижесінде 30 тұрғын үйдің ауласы су астында қалды.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнына Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев пен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы аттанған.

"Қосымша су басу қаупінің алдын алу және салдарын барынша азайту мақсатында қорғаныс бөгеттерін нығайту, сондай-ақ ағынды суларды тұрғын үйлерден бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайдың салдарын жою үшін 5 арнайы техника жұмылдырылып, қосымша тағы 5 техника шақырылды. Жұмысқа 15 маман қатысып жатыр", — деп хабарлады әкімдіктен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...