Қазақстанда пәтерін жалға беретін азаматтар жылдық табысына сәйкес салық төлеуі тиіс. Бұл талаптарды...
АҚШ-та атыс болды: қаза тапқандар бар
Сурет ашық дереккөзден алынды
1344
АҚШ-тың Миссисипи штатындағы шағын Лиланд қаласында болған атыс салдарынан төрт адам өмірімен сыйыспайтын жарақат алды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Бұл туралы CBS News телеарнасы қала мэрі Джон Лиге сілтеме жасап хабарлады.
Қала басшысының айтуынша, оқиға түнде басты көшеде болған. Адамдар Лиланд жоғары мектебінің түлектер матчын көру үшін қалаға келген.
Лидің мәлімдеуінше, жараланған төрт адамды тікұшақпен ауруханаға жеткізген. Олардың жағдайы нақтыланып жатыр. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.