Алматы тұрғыны үйінің маңында аңшылық мылтықтан атылған оққа ұшты (ВИДЕО)

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
93

Алматыда екі таныстың арасындағы жанжал қарулы шабуылға ұласты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға Түрксіб ауданында болған. Күндіз ер адамдар қаланың төменгі бөлігіндегі дәмханалардың бірінің маңында өткен шара кезінде жанжалдасып қалған. Осыдан кейін олар екі жаққа тарағанымен, арадағы кикілжің шешілмеген.

Біраз уақыттан соң жанжалға қатысушылардың бірі танысының үйіне барған. Сол жерде олардың арасында тағы да сөзге келу орын алған. Жанжал барысында үй иесі аңшылық мылтығын алып шығып, қарсыласына оқ атқан.

«Оқ жарақатын алған 31 жастағы ер адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде күдікті оқиға ізі суымай ұсталды. Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ тәркіленген аңшылық мылтықтың шығу тегі мен оны заңды сақтау мәселесі де тексерілуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің кәмелетке толмаған бес баласының алдағы тағдырына қатысты жеке қаулы шығар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда күтіліп отырған аптап ыстыққа байланысты тұрғындарды күн өт...