Алматыда 92 жастағы қария үйленді

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
879

2026 жылдың басынан бері Алматыда 4600-ге жуық неке тіркелген. Соның ішінде некесін қиған ең қарт адам 92 жаста екені белгілі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, мегаполисте күн сайын орта есеппен 70-ке жуық неке қию рәсімі өтеді. Үйленушілердің орташа жасы: Қалыңдықтарда - 29 жас, күйеу жігіттерде - 32 жас.

Неке қиюға өтініш берген ең егде азамат - 92 жастағы ер адам. Ал ең жас жұп заң талаптарына сәйкес рұқсат алып, 16 жасында отбасын құрды, - деп хабарлады корпорациядан.

Сондай-ақ, осы кезеңде 409 жұп шетелдіктермен некеге тұрған.

Бұдан бөлек, 2026 жылдың басынан бері 934-ке жуық жұп ажырасуға өтініш берген. Ажырасуға өтініш берушілердің орташа жасы: ерлер арасында - 39 жас, әйелдер арасында - 37 жас. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында әйелге жасалған қатыгез шабуылға қатысты сот ісі аяқталды. Қылмыстың саралануы қоға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қызмет барысында мерт болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет пен оның анасы сұхбат...