Қазақстандықтарды алдап келген телефон алаяқтары Украинада қолға түсті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1627

Қазақстанның ішкі істер министрлігі қазақстандықтар мен шетел азаматтарына қарсы әрекет еткен алаяқтық call-орталықтар желісін жоюға бағытталған арнайы операцияға қатысты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, Украина ұлттық полициясы мен екі елдің бас прокуратураларымен бірлесіп жүргізілген ауқымды арнайы операция нәтижесінде Украина аумағында әрекет еткен трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың call-орталықтарының қызметі тоқтатылған.

31 наурыз күні Украинаның Днепр қаласында жүйелі түрде Қазақстан, Украина және Еуропалық одақ елдерінің азаматтарына қатысты интернет-алаяқтық жасап келген үш call-орталықтың қызметіне тосқауыл қойылды.

Қылмыстық ұйымның ұзақ уақыт бойы жалған инвестициялық компаниялардың қызметкерлері ретінде әрекет еткені анықталды. 

“Алаяқтар жәбірленушілерді алдап, олардың құпия деректеріне, жеке кабинеттері мен банк шоттарына қол жеткізіп, нәтижесінде ақшалары мен цифрлық активтерін иемденген. Сонымен қатар романтикалық схемалар түріндегі тәсілдер арқылы, сондай-ақ криптовалютаға жалған инвестиция ұсыну арқылы жасалған алаяқтық деректері анықталды”, – делінген министрлік хабарламасында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...