Президенттікке үміткер саясаткер оқ жарақатынан көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1497

Колумбияда президенттікке үміткер болған Мигель Урибе Турбай қайтыс болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.                                                                    

39 жастағы сенаторды 2 ай бұрын сайлаушылармен кездесу кезінде атып кетті. Басына екі рет оқ тиген кандидаттың беті бері қарамай, жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Қастандық  7 маусымда Фонтибон метрополитенінде болған. Бұған дейін саясаткер Fundación Santa Fe клиникасында ауыр халде жатты. Дәрігерлер Мигель Урибе Турбайдың көп қан кету салдарынан көз жұмғанын айтты.

Полиция қылмыстық іс қозғады. Қанды қылмыс жасады деп алты адам күдікке ілінді. Олардың арасында 15 жастағы жасөспірім де бар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...