Дастан Сәтпаев әлемдік футболдағы ең үздік таланттар рейтингіне енді

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
164

Алматылық «Қайраттың» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев әлемдік футболдағы ең басты 50 таланттың рейтингіне енді, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

GOAL порталының нұсқасы бойынша, 18 жастағы вингер 43-орынға жайғасты.

Сәтпаев Қазақстанда бірнеше рекорд орнатқанын, ал бір көрсеткіш бойынша «Барселонаның» жұлдыз тәрбиеленушілерімен деңгейлес болғанын атап өтеді.

«“Қайрат” сапында нағыз жаңалыққа айналған 17 жастағы шабуылшы “Челсидің” назарын аударып үлгерді. Клуб оны осы жазда “Стэмфорд Бриджге” ауыстыру үшін төрт миллион еуро көлеміндегі келісімді мақұлдады.
Чемпиондар лигасында Сәтпаев желтоқсанда еурокубоктардың негізгі кезеңінде алғашқы голын соққанда, одан да жас жаста тек Ансу Фати мен Ламин Ямаль ғана гол соққан. Сонымен қатар, ол Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас дебютант әрі гол авторы болып табылады», — делінген мақалада.

Сондай-ақ Сәтпаевты аңызға айналған аргентиналық шабуылшы Серхио Агуэроға теңеген.

«Ойын мәнері мен шабуылдарды нәтижелі аяқтау қабілеті жағынан оны Серхио Агуэроға ұқсатады. 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында ол 14 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. Енді оның BlueCo жүйесіне ауысқаннан кейін жаңа деңгейге қалай бейімделетіні үлкен қызығушылық тудырып отыр», — деп жазады материал авторлары.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жағалаудан табылған қырылған аққуларға қатысты жағдайды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дү...

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан Иранда кемінде 230 оқушы мен мұғалім қаза тапты. Бұл туралы...