Танымал әнші Еркін Нұржанов қасиетті Рамазан айында қызды болғанын айтып, жұртшылықтан сүйінші сұрад...
Ұлынан қорлық көрген қарияның қазіргі жағдайы белгілі болды
Фото: әлеуметтік желі
Ұлының қорлығына шыдамай бауырана қашып барған қарияның қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оның қазіргі жағдайы туралы немересі баяндады.
«Кейде өмір адамға ең ауыр сабақты бөтеннен емес…
Өз қаныңнан береді…
Бір әкенің маңдай терімен өсірген 8 ұлы мен 4 қызы…
Бір шаңырақтан тараған үлкен әулет…
Бір дастарханда отырған бауырлар…
Ал бүгін…
Сол әулеттің жүрегі қан жылап отыр.
90 жыл ғұмыр кешкен қария…
Қанша қиындықты артқа тастады.
Балаларын жеткізді.
Немере-шөберенің қызығын көремін деп өмір сүрді.
Қартайғанда сүйенішім – өз балаларым болады деп сенді.
Ата – әулеттің тамыры.
Ата – шаңырақтың шырағы.
Ата – өткеннің тарихы, бүгіннің батасы, ертеңнің аманаты.
Тамырына балта шабылған ағаш қанша биік болса да, бір күні құлайды.
Әулет те дәл солай…
Атаға түскен ауырлық – бір адамның ғана қайғысы емес.
Ол – тұтас әулеттің жүрегіне түскен жара.
Біз бұл видеоны ешкімді қаралау үшін емес…
Әр адамның жүрегіне ой салу үшін бөлісіп отырмыз.
Осындай жаста адамға байлық та, атақ та керек емес.Оған тек баласының жылы сөзі…
Немересінің құшағы…
Отбасының амандығы ғана керек.
Өкінішке қарай…
Кейде адамның жүрегін бөтен емес, өз жақыны ауыртады.
Бірақ біз ешкімге өш емеспіз.
Бізге кек керек емес.
Бізге жанжал керек емес.
Бізге тек атамыздың жүрегіндегі жараның жазылғаны керек», - деп жазды ол.