Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысты (ВИДЕО)

коллаж: madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2804

Тосын жайт Әуезов көшесінде, Гагарин көшесіне жетпей, оңтүстік бағытта болған, деп хабарлады madeniportal.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Автобусқа айтарлықтай зақым келген. Қоғамдық көліктің орта бөлігі опырылып қалған. Куәгерлердің айтуынша, автобус тепловоздың ескертуін елемей, өтіп кетемін деп ойлаған.

Оқиға салдарынан қоғамдық көлікте болған 6 жолаушысы бастапқыда зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді.