"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18-20 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды m...
«Киім жайғаны үшін»: Қостанайда екі қайын әпке келіннің терезесін шағып кеткен (ВИДЕО)
коллаж: MadeniPortal.kz
Қостанайда жас келін екі қайын әпкесінен қысым көргенін айтып, полицияға арызданды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Журналистің айтуынша, келін бұған дейін де қайын әпкелері тарапынан бірнеше рет қысым көргенін айтқан. Ал соңғы жанжал оның далаға киім жаюынан кейін туындаған.
Гүлмира Әбіқайдың жазбасында екі қайын әпкесі келінге қоқан-лоқы көрсетіп, ол тұрып жатқан үйдің терезесін шағып кеткені айтылады. Осыдан кейін келін полицияға арыз жазған.
«Әркез қос қайын әпкеден қыспақ көргенін айтып мұң шаққан жас келін полицияға арыз жазды», – деп жазды журналист.
Гүлмира Әбіқай аталған жағдайды тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесімен байланыстырып, қоғамдағы қатыгездікке алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ ол Атырау мен Шымкентте де отбасындағы зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдердің көмек сұрап жатқанын атап өтті.
Әзірге Қостанай облысының полициясы аталған оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Журналист жариялаған мәліметтерге құқық қорғау органдары тарапынан ресми баға берілгеннен кейін оқиғаның нақты мән-жайы белгілі болмақ.